Жантүршігерлік апат: 111 адам тіл тартпай кетті

Жантүршігерлік апат: 111 адам тіл тартпай кетті
Фото: freepik

Колумбияда магнитудасы 7,4 балдық жер сілкінісі болып, кемінде 111 адам қаза тауып, 87 адам жарақат алды. Елде ұлттық деңгейде төтенше жағдай жарияланып, құтқару жұмыстары басталды, деп хабарлайды ult.kz.

Жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша таңғы 07:34-те тіркелген. Эпицентрі елдің батысындағы Чоко өңіріндегі Сан-Хосе-дель-Пальмар маңында орналасқан.

Табиғи апат салдарынан 1575 тұрғын үй зақымданып, 37 ғимарат толық қираған. Сонымен қатар 18 денсаулық сақтау нысаны, 52 білім беру мекемесі, 18 жол және жеті әуежай зардап шеккен.

Зардап шеккен аймақтарға әскер мен құтқарушылар тартылды. Билік қираған ғимараттардың астында қалған адамдарды іздеу және қажетті көмек көрсету жұмыстарын жалғастырып жатыр.