Жан Ахмадиев Меркіде көз жұмған келіншек туралы тың дерек айтты

Жан Ахмадиев Меркіде көз жұмған келіншек туралы тың дерек айтты
Фото: әлеуметтік желіден

Меркіде көз жұмған Мадина Рашидқызы туралы жаңа деректер шықты, деп хабарлайды ult.kz.

Журналист Жан Ахмадиев марқұмның қырық күндік асына қатысты. Сол жерде Мадинаның күйеуі келіншегінің ішінен теуі баласын түсіргені туралы айтылды. Бұл туралы марқұмның анасы сөз қозғаған. 

«Тағы да Мадияр. Ол Мадина екіқабат кезде ішінен теуіп, баласын түсірген деген әңгіме тарап жатыр. Оны анасының аузынан естідім. Жылап отырып айтып жатыр», - деді журналист.  

Айта кетейік, Меркіде көз жұмған келіншектің анасы күйеу баласының үйіне тағы барғанын жазған едік. Алайда әйелді құдағиы үйге кіргізбей, табалдырық аттатпай қойды. 

Мадина Рашидқызы кім?
 

Мадина Рашидқызы - 2026 жылғы тамызда Жамбыл облысы, Меркі ауданында 19 жасында қайтыс болған жас келіншек.

Мәліметтерге сүйенсек, Мадина Өзбекстан азаматы болған, Қазақстан азаматы Мадияр Айтмырзамен шамамен екі жыл некеде тұрған. Артында 10 айлық сәбиі қалған.

Оқиға Меркі ауданындағы Қызыл қыстақ ауылында болған. Полиция оның өліміне байланысты өзін-өзі өлтіруге жеткізу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу бастаған. Қайғылы жағдайдың нақты себептері мен мән-жайын тергеу органдары анықтап жатыр.

Мадинаның өлімінен кейін оның құрбысына жазған хаттары да жарияланып, онда күйеуімен жанжал болғаны және ажырасқысы келгені туралы айтылған. Алайда әлеуметтік желіде тараған кейбір мәліметтердің барлығы ресми түрде расталмағанын ескеру керек.

Кейін бұл оқиғаға байланысты Мадинаның анасының немересін көре алмай жүргені туралы да ақпарат шықты. 16 қыркүйектегі мәлімет бойынша, марқұмның анасы немересін көруге барғанымен, құдалары оған баланы көрсетуден бас тартқанын айтқан.