Жамбыл облысында жоғалған жас жігіт аман-есен табылды

Жамбыл облысында жоғалған жас жігіт аман-есен табылды
Фото: freepik

Жамбыл облысында мал іздеуге шығып, хабарсыз кеткен 19 жастағы жігітті іздестіру-құтқару жұмыстары сәтті аяқталды, деп хабарлайды ult.kz.

Белгілі болғандай, 2007 жылы туған азамат Үшбас ауылы маңындағы Көкбастау жайылымына мал бағуға кеткеннен кейін байланысқа шықпай қалған. Осыған байланысты жедел түрде іздестіру операциясы ұйымдастырылды.

Іздестіру жұмыстарына Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары, полиция қызметкерлері, жергілікті әкімдік өкілдері мен еріктілер жұмылдырылды. Кең аумақта жүргізілген операция барысында дрондар, кинологиялық топтар, сондай-ақ Starlink спутниктік байланыс жүйесі пайдаланылды.

Заманауи технологиялардың көмегімен шалғай аймақта тұрақты байланыс қамтамасыз етіліп, барлық қызметтердің жұмысы тиімді үйлестірілген.

Нәтижесінде бүгін таңертең іздеу тобы жоғалған азаматты Көкбастау жайылымынан шамамен 15 шақырым қашықтықтан тапты. Мамандардың мәліметінше, жігіттің денсаулық жағдайы қалыпты, медициналық көмекке мұқтаж болмаған. Қазіргі таңда оның өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ.