Жалған қажылық ұйымдастырған екі адам 4 жылға сотталды

Жалған қажылық ұйымдастырған екі адам 4 жылға сотталды
ЖИ

Астанада азаматтарды қажылыққа апарамыз деп алдап, 60 млн теңгеге жуық ақша жинаған екі адам сотталды, деп хабарлайды ult.kz.

Астана қаласының прокуратурасы мәліметінше, қала тұрғындары алдын ала сөз байласу арқылы Instagram әлеуметтік желісінде Сауд Арабиясының Мекке және Мәдина қалаларына қажылық сапарын ұйымдастыру туралы жарнама жариялаған.

Олардың уәдесіне сенген 37 азамат қажылыққа бару үшін жалпы сомасы 60 млн теңге қаражат тапсырған. Алайда күдіктілер алған міндеттемелерін орындамай, жиналған ақшаны өз қажеттеріне жұмсаған.

Сот үкімімен екі азаматтың әрқайсысына 4 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сонымен қатар жәбірленушілердің материалдық залалды өтеу туралы азаматтық талаптары толық қанағаттандырылды.

Сот үкімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.