Мұхтар Жәкішевтің қызы шетелдік азаматқа тұрмысқа шыққан еді. Кеше олардың тойы өтті, деп хабарлайды ult.kz.
«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевтің қызы Алтынай Жәкішева Лондонда шетелдік азаматқа тұрмысқа шықты. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлап, неке қию рәсімінен фотосуреттер жариялады.
Белгілі болғандай, Алтынайдың таңдауы Карл Оджей есімді азаматқа түскен. Ерлі-зайыптылардың некесі Ұлыбритания астанасы Лондондағы азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінде жақын туыстары мен достарының қатысуымен қиылған.
Үйлену тойынан кейін әлеуметтік желілерде жұптың некесіне қатысты түрлі пікірлер тарады. Кейбір қолданушылар Алтынайдың таңдауын сынаса, енді бірі жас отбасыға бақыт тіледі. Сын пікірлерге жауап берген Алтынай Жәкішева махаббаттың ұлтқа, нәсілге немесе шекараға тәуелді емес екенін айтып, әр адамның жеке өміріне құрметпен қарауға шақырды.