Журналист Руслан Өтепбай желі қолданушыларына қуанышты жаңалық айтты, деп хабарлайды ult.kz.
«Қазақтың кең даласынан маған да аядай жер бұйырды. Қазір бос жатқан жер теліміне өзімнің армандаған үйімді салғым келеді. Бұл үйдің ауласында болашақ әйелімнің беташары боп, ал ата-анам немерелерін ойнатады деп елестетемін.
«Жігітке ниет жолдас»,- дейді. Ниетім сіздерден ақжарма тілек пен үлкендерден бата алып, құрылысты бастау.
Бұл саланың адамы болмаған соң, құрылыс ісінен хабары бар мамандармен кеңесіп алуды жөн санадым. Сонымен қатар құрылыс материалдарын өндіретін немесе сататын кәсіпкерлердің де ұсыныс-пікірлеріне ашықпын. Сапалы өнім ұсынамын, бірге жұмыс істейік дейтін азаматтар болса, қуана қарастыруға дайынмын», - деп жазды журналист.