Халықаралық іздеуде жүрген блогер Қайсар Қамза Қазақстанға экстрадицияланған болуы мүмкін

Халықаралық іздеуде жүрген блогер Қайсар Қамза Қазақстанға экстрадицияланған болуы мүмкін
Михаил Козачковтың Telegram-арнасынан алынды

Халықаралық іздеуде жүрген блогер Қайсар Қамзаның Қазақстанға жеткізіліп жатқан болуы мүмкін. Бұл туралы журналист Михаил Козачков өзінің Telegram-арнасында жазды, деп хабарлайды ult.kz.

Козачковтың мәліметінше, оған оқырмандар Вьетнамдағы Камрань әуежайынан түсірілген фотосуреттерді жолдаған. Жазба авторы суреттерде Қайсар Қамзаға ұқсас адамның Қазақстанға оралып бара жатқанын, оның жанындағы ер адам Қаржылық мониторинг агенттігінің (АФМ) қызметкері болуы мүмкін екенін айтқан.

Қайсар Қамза Instagram желісінде екі миллионнан астам оқырман жинап, кейін заңсыз жарнамадан табыс тапқаны, оның ішінде Қазақстанда тыйым салынған онлайн-казиноны жабық Telegram-арнасы арқылы жарнамалағаны айтылған. Заңсыз казино шетелдік Pin-Up букмекерлік бренді арқылы жұмыс істегенімен, пайдаланушыларды рулетка мен басқа да тыйым салынған құмар ойындар ұсынылған сайттарға бағыттап отырған. Қайсар Қамза осы үшін қомақты сыйақы алып, блогердің криптовалюталық әмияндарынан шамамен 200 мың АҚШ доллары анықталған. Козачков бұл схеманы әлеуметтік желілердегі танымал тұлғалар да жарнамалағанын айтады.

Жазбада қылмыстық схема әшкереленгеннен кейін Қайсар Қамзаның Оңтүстік-Шығыс Азияға кеткені, ал 2026 жылдың сәуір айында Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша Вьетнамда ұсталғаны айтылған.

Сонымен қатар, Козачков Pin-Up ісі бойынша Украина азаматтары Дмитрий Дружинскы мен Марина Левкович-Гинзбургтің де халықаралық іздеуде жүргенін еске салды. Тергеу нұсқасына сәйкес, олар Қазақстандағы жұмысты ұйымдастырған. Ал букмекерлік кеңсе мен онлайн-казиноның түпкі бенефициарлары ретінде Ресей азаматы Дмитрий Пунин мен Украина азаматы Марина Ильина аталады. Журналистің жазуынша, олар Кипрде тұрақты тұрады.

Михаил Козачков аталған тұлғалар да Қазақстанда сот алдында жауап бере ме деген сұрақ қойған.

Айта кетейік, бұл ақпарат Михаил Козачковтың Telegram-арнасында жарияланған мәліметке негізделген. Ресми органдар әзірге Қайсар Қамзаның Қазақстанға экстрадицияланғаны жөнінде ресми ақпарат таратқан жоқ.