Иван Степанович 1941 жылы майданға өз еркімен аттанып, байланысшы қызметін атқарған, деп хабарлайды ult.kz.
Ол Беларусьті азат етуге қатысып, Кенигсбергке дейін жеткен. Соғыстан кейін оралдық майдангер өз өмірін прокуратура органдарындағы қызметке арнаған.
Тоқаев Халық қаһарманы, соғыс және еңбек ардагері Иван Гапичтің отбасына көңіл айтты.
«Иван Степанович майданға өз еркімен аттанып, байланысшы ретінде соғыстың соңына дейін қатысты. Елге оралған соң ұзақ жылдар бойы прокуратура органдарында мінсіз қызмет атқарды. Адамгершілік қағидаттарынан айнымайтын әрі өз ісінің нағыз маманы ретінде ол әріптестері мен көпшілік арасында зор абыройға ие болып, құрметке бөленді», – деп жазылған жеделхатта.