Атырау облысында бір отбасының жоғалуына қатысты әлеуметтік желіде өз нұсқасын таратқан «хакерге» қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді, деп хабарлайды ult.kz.
Оның айтуынша, тергеу аяқталған. Ер адамның мемлекеттік деректер базаларына немесе басқа да ақпараттық жүйелерге қолжетімділігі болмаған.
«Атыраулық хакер» желіде жариялаған мәліметтердің қызметтік ақпараттан алынғаны анықталған. Ақпараттың тарауына жол берген лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылған.
32 жастағы ер адамға бірнеше рет алаяқтық жасады деген айып тағылып отыр. Полиция бұл айыптардың жоғалған отбасының өліміне қатысты іске қатысы жоқ екенін мәлімдеді.
Ол отбасы жоғалғаннан кейін әлеуметтік желіде өзін «хакер» деп таныстырып, оқиғаға қатысты жеке тергеу жүргізгенін айтқан. Оның видеолары әлеуметтік желіде кең тараған.
Ер адам халықаралық іздеуде болып, кейін Түркиядан Қазақстанға депортацияланған. 2026 жылғы ақпанда күдікті әйелімен бірге Индонезияда ұсталғаны хабарланған.