Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 23 тамызда Құрылтай депутаттарының тарихи сайлауында дауыс бергеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін брифинг өткізді, деп хабарлайды ult.kz.
Атап айтқанда, "Хабар" телеарнасының тілшісі Сағыныш Әбікей Президентке:
"Сіз конституциялық реформа тарихи өзгерістердің бастауы болатынын, ал ауқымды жаңғыру жыл соңына дейін, тіпті келесі жылы да жалғасатынын айттыңыз. Құрылтай мен Қазақстан Халық Кеңесі жұмысын бастағаннан кейін, сондай-ақ Вице-президент лауазымы енгізілген соң елімізде қандай өзгерістер болады?" – деп сұрақ қойды.
Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінде көпшілікті Вице-президент лауазымына кім тағайындалатыны қызықтыратынын айтты.
"Шынында да, бұл – маңызды өзгеріс. Біз Конституцияда бұл жаңа лауазымды саналы түрде енгіздік. Бұл қызмет аса қажет десем, қателеспеймін. Қазіргі күрделі кезеңде мұндай лауазым елімізге әсіресе қажет. Вице-президент қызметіне кім тағайындалатыны алдағы аптада немесе 10 күн ішінде белгілі болады. Қазір оның есімін атау ертерек. Меніңше, ол бәріңіз жақсы білетін танымал тұлға болады", – деді Мемлекет басшысы.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев басқа да реформалардың жүзеге асырылуына тоқталды.