Вьетнам тарапы үнсіз: Қайсар Қамза туралы тың дерек шықты

Вьетнам тарапы үнсіз: Қайсар Қамза туралы тың дерек шықты
Фото: әлеуметтік желіден

Қазақстанның Бас прокуратурасы Вьетнамда жүрген блогер Қайсар Қамзаға қатысты жағдайға түсініктеме берді, деп хабарлайды ult.kz.

Ведомствоның мәліметінше, Қазақстан тарапы Қайсар Қамзаны елге экстрадициялау туралы Вьетнам билігіне ресми сұрау жолдаған. Блогер заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырды деген күдікке ілінген.

Алайда әзірге Вьетнам тарапы аталған өтініш бойынша түпкілікті шешім қабылдамаған. Сонымен қатар Қайсар Қамзаға жарияланған халықаралық іздеу күшінде қалып отыр.

Бас прокуратура өкілдерінің айтуынша, Қазақстан мен Вьетнам арасында 2017 жылы жасалған экстрадиция туралы келісімде мұндай өтініштерді қараудың нақты мерзімі көрсетілмеген. Сондықтан мәселе Вьетнамның ұлттық заңнамасына сәйкес қаралады.

Еске салайық, бұған дейін Қайсар Қамза әлеуметтік желіде видеоүндеу жариялап, өзінің қазіргі жағдайы туралы мәлімдеген болатын.