Талдықорғанда жоғалып кеткен 7 жастағы баланың денесі өзеннен табылды

Талдықорғанда жоғалып кеткен 7 жастағы баланың денесі өзеннен табылды
ашық дереккөз

Талдықорғанда жоғалып кеткен 7 жастағы баланың денесі Қаратал өзенінен табылды. Бұл туралы Жетісу Облысының Полиция Департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Ult.kz.

26 мамыр күні таңғы сағат 05:00 шамасында Қаратал өзенінде жүргізілген ауқымды іздестіру жұмыстары барысында бұрын хабар-ошарсыз кеткен кәмелетке толмаған баланың мәйіті табылған.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, баланың денесінен зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Қайғылы жағдайға байланысты марқұм баланың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз.

Құзырлы органдар ата-аналарды балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударуға шақырды. Сондай-ақ кәмелетке толмағандарды қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертті. Мамандардың айтуынша, ересектердің қырағылығы мен жауапкершілігі мұндай қайғылы оқиғалардың алдын алуға көмектеседі.