Үндістанда 23 теңізшісі бар кеме ұсталды: ішінде қазақстандық бар

Үндістанда 23 теңізшісі бар кеме ұсталды: ішінде қазақстандық бар
ашық дереккөз

Үндістанның Парадип портында бортында 23 теңізшісі бар MT UNITY кемесі ұсталды. Экипаж құрамында Қазақстан азаматы бар. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі хабарлады, деп хабарлайды ult.kz.

СІМ ресми өкілі Жанболат Үсеновтің айтуынша, кемені ұстауға оның иесінің жергілікті жанармай жеткізуші алдындағы қарызы себеп болған.

Қазақстандық дипломаттар азаматтың елге қайтуын қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдап жатыр. Осыған байланысты Үндістанның Сыртқы істер министрлігіне дипломатиялық нота жолданған.

СІМ мәліметінше, Қазақстан азаматы мен оның отбасы мүшелері осы мәселеге байланысты Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктеріне көмек сұрап жүгінбеген.