Freedom Inside '26

Ұлынан таяқ жеген қария кімнің қамқорлығына өтті? (ВИДЕО)

Ұлынан таяқ жеген қария кімнің қамқорлығына өтті? (ВИДЕО)
Коллаж: ult.kz

Атырау облысы Сағыз ауылында өз ұлынан қорлық көріп, үйде байлаулы болған 89 жастағы тыл ардагері Әділхан Сисенов немересі Нұрбақыт Ақниетқызының қамқорлығына алынды, деп хабарлайды ult.kz.

Немересі бұл жағдайды бүкіл әулетке түскен ауыр сынақ деп бағалап, атасының жағдайы жақсы екенін мәлімдеді. 

Ол әлеуметтік желідегі жазбасында ешкімге өшпенділік танытпайтынын айтып, қоғамды ата-ананы барында қадірлеуге шақырды. 

Ал аталған оқиғаға байланысты полиция «ұрып-соғу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.