Мәскеу облысының Раменское қаласында қайғылы оқиға болып, үш жасар бала мен оны құтқаруға ұмтылған анасы көз жұмды, деп хабарлайды ult.kz.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, үш жасар бала ойнап жүріп ашық тұрған терезе алдына шығып, абайсызда тепе-теңдігін жоғалтып алған. Баласының айқайын естіген анасы оны құтқару үшін бірден ұмтылған. Алайда сол сәтте өзі де тепе-теңдігін жоғалтып, екеуі бірге төменге құлаған.
Өкінішке қарай, анасы мен баласы алған ауыр жарақаттарынан оқиға орнында жан тапсырған.
Жергілікті БАҚ мәліметінше, отбасы бұл пәтерді шамамен бір жыл бұрын жалға алған. Көршілері оларды ешкімге зияны жоқ, тыныш әрі тату-тәтті отбасы ретінде сипаттаған.
Белгілі болғандай, марқұм әйел сторисмейкер болып жұмыс істеген, ал оның жұбайы такси қызметінде еңбек етіп, отбасын асыраған. Қайғылы жағдай туралы ер адамға кейінірек хабарланған.