Димаш Құдайбергеннің қарындасы Раушан Құдайберген мен оның жары Ермахан Аймахан отбасылық өмірлері мен таныстық хикаясы туралы сыр шертті, деп хабарлайды ult.kz malim.kz сайтына сілтеме жасап.
Ерлі-зайыпты «1001 түн» бағдарламасында қонақ болып, шаңырақ көтергеннен кейінгі өзгерістер жайлы әңгімеледі. Раушанның айтуынша, отбасын құрғаннан кейін олардың өмірге, отбасыға және бір-біріне деген көзқарастары айтарлықтай өзгерген.
«Уақыт өте келе адам түрлі жағдайлардың әсерінен өзгереді. Үйленгеннен кейін қатты байқалды. Тұрмыс құрған соң мұны анық сезіндік. Бір-бірімізді түсіну деңгейіміз артып, көптеген мәселеге деген көзқарасымыз өзгерді», – деді ол.
Ал Ермахан Аймахан болашақ жарымен алғаш рет театр ұжымымен бірге демалыс кезінде танысқанын айтты. Оның сөзінше, бұл кездесу Астанадағы Музыкалық жас көрермен театрының алғашқы маусымы аяқталғаннан кейін ұйымдастырылған тимбилдинг барысында болған.
«Раушанның ата-анасы мен Асхат Маемиров көп жылдан бері араласатын жандар. Сол шарада алғаш рет көріп, таныстық», – деді актер.
Айта кетейік, Раушан Құдайберген мен Ермахан Аймаханның үйлену тойы 2025 жылдың 8 тамызында Шымкент қаласында өткен болатын.