«Ұят, тәрбие қайда?»: Қызын сахнаға шығарған Қайрат Нұртас сынның астында қалды

«Ұят, тәрбие қайда?»: Қызын сахнаға шығарған Қайрат Нұртас сынның астында қалды
ашық дереккөз

Қайрат Нұртас Алматыдағы Орталық стадионда шығармашылық жолындағы 20 жылдығына арналған «Сахнада 20 жыл» атты концертін өткізді. 4 қазанда өткен кешке қырық мыңға жуық көрермен жиналды, деп хабарлайды ult.kz.

Концерт барысында әнші сахнаға қызы Алауды да шақырды. Алайда қыздың сахнадағы киіміне қатысты әлеуметтік желі қолданушылары арасында сын-пікірлер айтылды.

Желіде кейбір қолданушылар Алаудың киімін тым ашық деп бағалап, бұл мәселеге оның әкесі ретінде Қайрат Нұртас жауапты болуы керек деген пікір білдірді.

«Әкесі өз қызын шешіндіріп халық алдына ұсынуда»,
«Ахыретте әкелері отбасы үшін жауап береді»,
«Мен қызымды олай сәнін жалтыратып халыққа шығармас едім», – деген пікірлер жазылды.

Тағы бір қолданушы қыздың ата-анасы мен ата-әжесінің көзінше сахнада мұндай киіммен шығуына қатысты: «Ұят, тәрбие қайда?» деген пікір қалдырған.

Айта кетейік, Қайрат Нұртас биыл сахнадағы 20 жылдығына орай Қазақстанның бірнеше қаласында концерт беріп жүр. Алматыдағы концерт 4 қазанда Орталық стадионда өтті. Ал оның «Сахнада 20 жыл» туры Шымкент, Қызылорда және Атырауда жалғасады.

Қайрат Нұртас немесе Алау аталған сынға әзірге пікір білдірген жоқ.