Әнші Сәкен Майғазиевтің тележүргізуші Мөлдір Мұқанның отбасылық мерекесінде айтқан тілегі әлеуметтік желіде түрлі пікір тудырды, деп хабарлайды ult.kz, Qazaqtoday.info ақпарат порталына сілтеме қалдыра отырып.
Жақында Мөлдір Мұқан отбасындағы үш маңызды қуанышты бір кеште атап өткен болатын. Салтанатты жиында сөз сөйлеген Сәкен Майғазиев балаларға ақ тілегін арнап:
«Тұрсынбек пен Мөлдірдің кішкентай құлыншақтары сенімдерін ақтай берсін», - деген.
Алайда бұл сөз әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыланды. Кейбір оқырмандар Тұрсынбек Қабатов пен Мөлдір Мұқанның ажырасқанын еске салып, мұндай жағдайда бұрынғы жұбайының есімін атау орынсыз болғанын жазды.
Пікір білдірушілердің бірі:
«Сәкен мырза, Тұрсынбекті екінші отбасына барған кезде құттықтайсыз. Бұл - Мөлдірдің шаңырағы. Әке болып келмей ме? Қазір заман басқа. Келсе, Мөлдір кет демейді ғой. Ел алдында жүрген азамат сонда екіншісімен өте алмай келе алмай тұр ғой, ол әйелі білетін отбасы екені», - деп жазған.
Тағы бір желі қолданушысы:
«Тұрсынбектің өзі де, көзі де жоқ қой. Ондай адамды айтып қыстырудың не қажеті бар?» - деген пікір қалдырған.
Сонымен қатар, пікір білдірушілердің тағы бір бөлігі әншінің сөзінен ешқандай астар іздеудің қажеті жоқ екенін айтты. Олардың пікірінше, Сәкен Майғазиев тек балаларға ақжарма тілегін жеткізген, ал бұл сөзді артық талқылаудың қажеті жоқ.