Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жары Айман Талғатқызы әлеуметтік желідегі парақшасында отбасылық жаңалықтарымен бөлісті, деп хабарлайды ult.kz.
Ерлі-зайыптылар жақында Медина қаласына сапарлап қайтқан. Айман Талғатқызы қасиетті мекенге деген сағынышын жеткізіп, бұл жерге баруды армандап жүрген жандарға тілегін білдірді.
"Бұл жерге табан басуды аңсап жүргендер қаншама. Алла баршаңызға бұйыртсыншы. Сағынып отырмын", - деп жазды ол Instagram сторисінде.
Сонымен қатар Айман Талғатқызы Тұрсынбек Қабатовтың алдағы концерттік жоспары туралы да айтты. Оның сөзінше, 23 қазаннан бастап әзілкеш Қазақстанның бірқатар қаласында жеке концертін өткізбек.
"Осы айдың 23-інен бастап Қазақстанның барлық қаласында жеке концерт өтеді. Ерекше концерт болмақ. Шашбауын көтеріп, мен де бірге жүремін", - деп жазды ол.
Айта кетейік, Тұрсынбек Қабатов алдағы жоспарлары туралы сұхбат берді.
Тұрсынбек Қабатов кім?
Тұрсынбек Аманғалиұлы 1979 жылы 10 қазанда Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Ақпәтер ауылында дүниеге келген. Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ ұлттық аграрлық университетін бітірген. Еңбек жолын 2000 жылы Ғарифолла Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облысытық филармониясынан бастаған. 2001 жылдан Көңілді тапқырлар клубында ойнайды. Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ ұлттық аграрлық университетінің қабырғасында жүргенде "Аграрка сарбаздары", "Астана.кз", "Казахи" квн командаларында ойнады. 2010 жылы ТМД елдерінің "Үздік КВН ойнышысы" атағымен марапатталған. 2011 жылдан Астана қаласы әкімдігінің "Әзіл Әлемі" әзіл-сықақ театрының директоры. КТА ойындарының жүргізушісі.
Тұрсынбек Қабатов экс-жары Мөлдір Мұқан бұған дейін журналист Жанар Байсемізге көлемді сұхбат берген.