«Түрмеден енді шыққан»: Ер адам ағасын өлтірген қылмыскерден кек алды (ВИДЕО)

«Түрмеден енді шыққан»: Ер адам ағасын өлтірген қылмыскерден кек алды (ВИДЕО)
Коллаж: видеодан кадр

14 тамызда Дағыстанның Махачкала қаласында 44 жастағы ер адам өлтірілді, деп хабарлайды ult.kz.

Тергеу нұсқасы бойынша, 38 жастағы Мұса Хизриев оған пышақпен шабуыл жасап, денесіне 20-ға жуық пышақ жарақатын салған. Жәбірленуші алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған.

Тергеу комитетінің мәліметінше, қылмысқа кек алу себеп болған. Белгілі болғандай, қаза тапқан ер адам бұған дейін Хизриевтің ағасын өлтіргені үшін жазасын өтеп, жақында ғана түрмеден босап шыққан.

Қылмыс Максим Горький көшесінде болған. Шабуылдан кейін күдікті оқиға орнынан қашып кеткен. Қазір Дағыстан ІІМ қызметкерлері оны іздестіріп жатыр.