Қожа Ахмет Ясауи кесенесі аумағына шетел азаматтары үшін кіру билетінің бағасы өзгерді. Бұл туралы Әзірет Сұлтан ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы мәлімдеді, деп хабарлайды ult.kz.
Мәдениет және ақпарат министрлігі бекіткен жаңа тарифтерге сәйкес, 2026 жылғы 10 маусымнан бастап кесене аумағына, Ясауи музейі мен Сирек жәдігерлер залына кіру құны алыс шетел азаматтары үшін 5000 теңге, ал ТМД елдері азаматтары үшін 2000 теңге болады.
Қазақстан азаматтары үшін билет бағасы өзгеріссіз қалды:
ересектерге – 1000 теңге;
студенттер мен зейнеткерлерге – 500 теңге;
мектеп оқушыларына – 300 теңге.
Жазғы демалыс кезеңінде мектеп оқушылары үшін кіру бұрынғыдай тегін болып қала береді.