Түркістанда жоғалған 14 жасар қыз Алматыдан табылды

Түркістанда жоғалған 14 жасар қыз Алматыдан табылды

Түркістан облысы полицейлері анасына ескертпестен Алматы қаласына қыдырып кеткен 14 жасар қызды үйіне қайтарды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Полицияның хабарлауынша, Жетісай АПБ-не жергілікті тұрғын арызданып келеді. Ол өз арызында кәмелет жасына толмаған қызы түнгі уақытта үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмағанын айтқан.

«Із-түссіз жоғалған 14 жасар қызды іздеуге барлық тиісті шаралар қабылданды. Іздестіру барысында, қыздың Алматы қаласында екені анықталды және Алматы-Жетісай бағытындағы автобуспен келе жатқаны белгілі болды», - деді полиция қызметі.

Тергеу барысында анықталғандай, қыз өзінің кәмелет жасына толған дос қызымен бірге Алматы қаласына кетіп, сонда таныстарымен қыдырған екен.

Тәртіп сақшылары оны аман-есен анасына табыстады. Сонымен қатар, анасымен профилактикалық жұмыстар жүргізілді.