Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Түркістанда шенеунік кәсіпкерлерден пара алды деген күдікпен ұсталды

Түркістанда шенеунік кәсіпкерлерден пара алды деген күдікпен ұсталды


Түркістан облысының сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметі ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің облыстық департаменті «Кентау қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімінің бас маманына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бұндай мәліметтер ҚР Сыбайлас жемқорлыққар қарсы іс-қимыл агентттігінің Telegram каналында жарияланды. Ондағы ақпаратқа қарағанда, аталған лауазым иесі Сovid-19 инфекциясының таралуына қарсы мемлекет қабылдап жатқан шараларға қарамастан, кәсіпкерлерден «Ашық» қосымшасын енгізу үшін оң санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды берген және сол үшін 100 мыңнан 120 мың теңгеге дейін пара алған деген күдікке ілінді. 

Күдікті ҚР Қылмыстық процессуалдық кодексінің 128-бабына сәйкес ұсталып, Түркістан қалалық полиция басқармасының изоляторына қамалды. 

Күдіктіге қатысты түпкілікті үкімді оның кінәсінің дәрежесін анықтай отырып, сот шығарады.