Түркістан облысында екі жасар бала әжетханаға құлап, көз жұмды

Түркістан облысында екі жасар бала әжетханаға құлап, көз жұмды
Фото: freepik

Қайғылы оқиға 22 шілде күні Түркістан облысы Түлкібас ауданына қарасты Ақсу-Жабағылы ауылында болған, деп хабарлайды ult.kz.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 2024 жылы туған бүлдіршін тұрғын үйдің ауласында ересектердің қарауынсыз қалып қойған. Алдын ала дерек бойынша, бала абайсызда тереңдігі шамамен 2,5 метр болатын сыртқы әжетханаға құлап кеткен.

Оқиға орнына құтқарушылармен бірге жедел жәрдем қызметі, полиция, жергілікті атқарушы орган өкілдері және орман шаруашылығының мамандары жұмылдырылды. Құтқарушылар баланың денесін әжетханадан алып шыққан. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында тиісті тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін Түркістан облысында балалардың қараусыз қалуы салдарынан су айдындарында сегіз жазатайым оқиға тіркелгені хабарланған болатын.