Freedom Inside '26

Түркияда ұсталған халықаралық іздеудегі ер адам Қазақстанға жеткізілді

Түркияда ұсталған халықаралық іздеудегі ер адам Қазақстанға жеткізілді
24.kz

Қазақстанға Түркиядан бірнеше алаяқтық фактісі бойынша халықаралық іздеуде жүрген ер адам экстрадицияланды, деп хабарлайды ult.kz.

Күдікті Қазақстан Республикасы ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша Түркияның Самсун қаласында ұсталған. Оны елге қайтару жұмыстарына Қазақстанның Түркиядағы өкілдігі мен елшілік қызметкерлері қатысқан.

Тергеу мәліметінше, ер адам 2024 жылдың қыркүйек-желтоқсан айлары аралығында ақпараттық жүйелер мен Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшаны пайдаланып, Атырау қаласының екі тұрғынын алдап, 3 миллион теңгеден астам қаражатты иемденген.

Қазіргі уақытта күдікті Алматы қаласы Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Ішкі істер министрлігі шетелде бой тасалап жүрген және қылмыстық жауапкершіліктен жалтарып жүрген азаматтарды анықтау мен ұстау жұмыстары жалғасатынын мәлімдеді.