Freedom Inside '26

Туристік ұшақ апатқа ұшырап, борттағы барлық адам тіл тартпай кетті

Туристік ұшақ апатқа ұшырап, борттағы барлық адам тіл тартпай кетті
Фото: freepik

Францияда туристік ұшақ апатынан 11 адам көз жұмды, деп хабарлайды ult.kz.

Францияның Нанси қаласына жақын орналасқан Томблен елді мекені маңында жеңіл туристік ұшақ апатқа ұшырап, борттағы 11 адамның барлығы қаза тапты. 

Алдын ала мәліметке сәйкес, ұшақта бір ұшқыш, бес парашютпен секіру нұсқаушысы және алғашқы тандемдік секіруге дайындалған бес жолаушы болған. 

L'Est Républicain басылымының жазуынша, қаза тапқандардың бесеуі медицина саласының қызметкерлері болған.

Оқиға жексенбі күні түстен кейін болған. Апаттың нақты себебі әзірге анықталған жоқ.

Оқиға орнына құтқару қызметтері, медицина мамандары және бірнеше өрт сөндіру бригадасы жұмылдырылды.