Тұңғышынан айырылған Жанаргүл Жаныаманова жүрек тебірентер жазба жариялады

Тұңғышынан айырылған Жанаргүл Жаныаманова жүрек тебірентер жазба жариялады
ашық дереккөз

Тұңғышынан айырылған актриса Жанаргүл Жаныаманова Instagram парақшасында марқұм ұлына арнап әсерлі жазба жариялады, деп хабарлайды ult.kz.

Өнер иесі ұлымен бірге өткізген 12 жылын Алланың берген үлкен нығметі деп атап, оның мейірімділігі, даналығы мен сабырын ерекше еске алды.

«12 жыл өте мейірімді, ақылды, сұлу, талантты, дана тұлғаның ата-анасы болғанымызға Аллаға рахмет. Сен бізге ұстаз болдың, ұстаз болып қаласың. Көп нәрсені үйреттің, әлі де үйретесің. Сен бізге мейірімділіктің, шыдамдылықтың, нағыз мұсылмандылықтың үлгісін көрсеттің», – деп жазды актриса.

Сондай-ақ Жанаргүл Жаныаманова емдеу процесіне қатысты көкейінде жауапсыз сұрақтар қалғанын, алайда бұл сынақтың да Жаратушының бір хикметі екеніне сенетінін айтты.

«Баламыз өмір сүруін тоқтатқан жоқ, мәңгілік өмірге бізден бұрын оралды. Біздің қарым-қатынасымыз үзілген жоқ, ата-ана ретіндегі міндетіміз де аяқталған жоқ. Ол қазір үйде, керісінше біз қонақтамыз», – деп бөлісті актриса.

Жазба әлеуметтік желі қолданушыларының жүрегін тебірентіп, көпшілік актрисаға көңіл айтып, сабыр тіледі.