Төтенше жағдай министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Төтенше жағдай министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

ҚР Төтенше жағдай министрлігі автокөлік иелеріне жазғы дөңгелектерін қысқы шиналарға ауыстыруға кеңес береді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Өйткені күз мезгілінде жол-көлік оқиғалары қаупі жиілейді. 

«Қазгидромет» РМК деректері бойынша қараша айында жауын-шашын (көбінесе қар), боран соғып, екпінді жел болады. Сондай-ақ еліміздің орталық, солтүстік және шығыс өңірлерінде көктайғақ пен тұман күтіледі. Сондықтан республика жолдарында көлік құралдарының қозғалысына ерекше назар аудару қажет», - делінген министрлік мәлімдемесінде. 

Жазғы шинаны қысқыға ауыстыру жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Ауа температурасының төмендеуі мен жауын-шашын болған жағдайда жол бетінде көктайғақ болуы мүмкін. Соның салдарынан жазғы дөңгелектердің тежелу қабілеті нашарлап, жол-көлік оқиғалары орын алуы мүмкін. 

«Күзде және қыста төтенше жағдайларды болдырмау үшін ҚР ТЖМ ауа-райының өзгеруі, метеорологиялық мәліметтерді, ауа-райының нашарлауы, жолдардың жабылуы туралы арнайы хабарламаларды үнемі қарап отыруды ұсынады. Дауылды ескертулер кезінде ұзақ сапарларға шықпағандарыңыз абзал», - деп ескертті министрлік.