Төрт жыл бойы өзіне артық жалақы аударған: Қазалыда есепші 21,5 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді

Төрт жыл бойы өзіне артық жалақы аударған: Қазалыда есепші 21,5 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
gov.kz

Қызылорда облысының Қазалы ауданында балабақша есепшісі бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде жымқырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды ult.kz.

Облыстық прокуратураның мәліметінше, есепші төрт жыл бойы штаттық кестеде белгіленген жалақысынан жоғары мөлшерде қаражатты негізсіз түрде өзінің банктік шоттарына аударып отырған.

Осылайша бюджетке келтірілген шығын көлемі 21,5 млн теңгеден асқан.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2) тармағымен, яғни аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Істің өзге мән-жайлары әзірге жарияланған жоқ.