Freedom Inside '26

Төреғали Төреәлінің әйелі жазбасымен көпті жылатты

Төреғали Төреәлінің әйелі жазбасымен көпті жылатты
Коллаж: Ozgeris.info

Танымал әнші Төреғали Төреәлінің әйелі Толқын желідегі парақшасында әсерлі жазба жариялап, көпті жылатты, деп хабарлайды ult.kz ozgeris.info сайтына сілтеп. 

Ол тұнғыш қызы Кәусарды туған күнімен құттықтаған. 

"Кәусарымның 11 жасы құтты болсын! Анасының жүрегінен шыққан өлеңі. Құттықлаурыңызды қабылдаймыз @kausar_toregalikyzy Тұңғышым -Жанымның сен шамшырағы

Туылдың алты айыңда асық бәрі 

Өмірге келе сала ауыр дертпен

Отбасың күресуде міне әлі

Ботам ау, жанымның сен шамшырағы

Қытайдың елінде өтті 5- жыл тағы

Дертіңнен айықтырам деп әкешің

Дамылдамай келеді жаным әлі

Құлыным 11 жылың күресумен

Қанша ота қанша, көзден жас төгілген

Тағдырға кейде жылап қынжыласың

сұрағың қашан жүріп? қашан сөйлейм?

 Ботам ау ата-әженің тұңғыш тәттісің сен

Қайдан емі қонар деп әуреленген

Жанарыңнан көретін тауқыметті

Бізге бере салшы деп дұға еткен

Қасиетің бар сенде Алла берген

Ғайыптың сырларынан ілім келген

Сүйіншілеп келесің отбасыңды

 Сенімен әрбір күнім бақыт білем

Құтты болсын, Кәусарым 11 жасың

Құттықтаймыз халқыңмен дұға тілеп 

Денің сау, армандарың орындалып

Сүйінші сұрайықшы: Төрештің Кәусар қызы жүріпті деп", - деп жазды ол. 

Оқырмандар да Кәусарды туған күнімен құттықтап, тезірек айығып кетуін тіледі.