Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар тізіміне жаңа марапаттар енгізу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды ult.kz. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров мәлімдеді.
Жаңа марапаттардың қатарында «Шәмші Қалдаяқов» медалі және «Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі» құрметті атағы бар.
Жаңа марапаттар ұлттық мәдениетке қалтқысыз қызмет етіп, музыка мен бейнелеу өнерін дамытуға елеулі үлес қосқан азаматтарға беріледі.
Мемлекет басшысының айтуынша, мәдениет пен өнер – ұлттық бірегейліктің маңызды тірегі. Осыған байланысты жаңа Ата заңда төл мәдениетті жан-жақты қолдау мемлекеттің конституциялық міндеті ретінде бекітілген.