Президент Қасым-Жомарт Тоқаев AMANAT партиясының бұрынғы төрағасы Ерлан Қошановқа партияны басқарған кезеңдегі нәтижелі әрі ел игілігіне бағытталған еңбегі үшін алғыс айтты. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Айбек Смадияр мәлімдеді, деп хабарлайды ult.kz.
Сонымен қатар Президент партия мүшелерінің жуырдағы съезде жаңадан құрылған «Әділет» партиясына қосылу туралы қабылдаған шешімін жоғары бағалап, оған ризашылығын білдірді.
Мемлекет басшысы AMANAT партиясы елімізді жаңғыртуға, заң үстемдігі мен қоғамдық тәртіп қағидаттарына негізделген Әділетті Қазақстанды қалыптастыруға елеулі үлес қосқанын атап өтті.
Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев партияның белсенді мүшелері «Әділет» партиясы қатарында да ел мүддесі жолындағы қызметін табысты жалғастыратынына сенім білдірді.
Айта кетейік, бұған дейін AMANAT партиясының жаңадан құрылған «Әділет» партиясының құрамына қосылатыны белгілі болған еді.