Тоқаев бірқатар елдегі Қазақстан елшілерін ауыстырды

Тоқаев бірқатар елдегі Қазақстан елшілерін ауыстырды
Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлықтарымен Қазақстанның бірнеше шет мемлекеттегі елшілері тағайындалып, бірқатары қызметінен босатылды, деп хабарлайды ult.kz.

Жаңа тағайындауларға сәйкес:

▪️ Әбілқайыр Сқақов Қазақстанның Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды;

▪️ Бақыт Батыршаев Қазақстанның Қатар Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне кірісті;

▪️ Анель Бақытбекқызы Қазақстанның Мажарстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды;

▪️ Болат Иманбаев Қазақстанның Сербия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалып, Армениядағы елші қызметінен босатылды;

▪️ Үндістандағы Қазақстан елшісі Азамат Есқараев Бангладеш, Бутан, Мальдив және Непалдағы Қазақстанның Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқаратын болды.

Сонымен қатар Президенттің жарлықтарымен Рәпіл Жошыбаев (Қырғыз Республикасы), Арман Исағалиев (Қатар), Абзал Сапарбекұлы (Мажарстан) және Мәди Атамқұлов (Сербия) аталған елдердегі Қазақстанның Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметтерінен босатылды.

Осылайша Мемлекет басшысы Қазақстанның дипломатиялық корпусындағы бірқатар кадрлық өзгерістерді жүзеге асырды.