Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты

Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты
Ақорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды ult.kz.

Ақорда мәліметінше, Мемлекет басшысы тиісті шешімді Премьер-министр Олжас Бектеновпен және Құрылтай төрағасы Айбек Дәдебаймен консультация өткізгеннен кейін қабылдаған.

Жарлыққа сәйкес, Орталық сайлау комиссиясына барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау, сондай-ақ оны дайындау және өткізу жұмыстарын ұйымдастыру тапсырылды.

Құжат жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.