Әлеуметтік желіде той үстінде түсірілген видео қызу талқыға түсті, деп хабарлайды ult.kz.
Кадрда асаба күйеу жігіттен торттың алғашқы бөлігін кімге беретінін сұрайды. Күйеу жігіт:
«Мені дүниеге әкелген ата-анам жейді», – деп жауап береді.
Алайда бұл жауап қалыңдықтың көңілінен шықпағандай көрінеді. Ол күйеу жігітке бірдеңе айта бастаған сәтте, жігіттің ашуға булығып, тортты лақтырып жібергені көрінеді.
Оқиға желі қолданушыларын екіге бөлді. Бірі мұны тойдағы шынайы жанжал деп қабылдаса, енді бірі видеоның пранк болуы мүмкін екенін айтып күмән келтірді.