TikTok-та боғауыз айтқан 22 жастағы жігіт 5 тәулікке қамалды

TikTok-та боғауыз айтқан 22 жастағы жігіт 5 тәулікке қамалды
webpromo.kz

Алматы облысында TikTok пен Instagram әлеуметтік желілерінде қоғамдық әдепке қайшы бейнеролик жариялаған 22 жастағы тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ult.kz.

Полицияның мәліметінше, әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында қоғамдық тәртіпті өрескел бұзатын және былапыт сөздер қолданылған бейне анықталған. Тексеру нәтижесінде оның авторы Алматы облысында тұратын 22 жастағы жұмыссыз Нұрсат Пшан екені белгілі болды.

Жиналған материалдар сотқа жолданып, құқық бұзушыға 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамау жазасы тағайындалды.

Полиция әлеуметтік желілердің де қоғамдық кеңістік екенін еске салып, интернетте жарияланған кез келген материал мен пайдаланушылардың әрекеті қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес бағаланатынын мәлімдеді.

Ведомство азаматтарды әлеуметтік желілерде заң талаптарын сақтауға, қоғамдық әдеп нормаларын бұзбауға шақырды.