Әлеуметтік желіде көпқабатты үйдің терезесінен құлаған сәбиді мысықтың аман алып қалған сәті түсірілген видео қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Ult.kz, qayda.news-ке сілтеме жасап.
Желіде тараған бейнебақылау камерасының кадрларында биіктен құлаған баланың жерге жетер сәтінде мысықтың оның құлауын жұмсартып, ауыр соққының алдын алғаны байқалады.
Ақпаратқа сәйкес, осының арқасында бала ауыр жарақаттан аман қалған. Оқиғаның нақты қай елде болғаны мен баланың қазіргі жағдайы туралы қосымша ресми мәлімет жарияланбаған.
Бейне әлеуметтік желі қолданушыларының ерекше назарын аударды. Көпшілік пікірлерде мысықтың әрекеті нағыз ерлік ретінде бағаланып, оны «қаһарман мысық» деп атағандар көп болды.