Теміртауда жаяу жүргіншіні көлік қағып өлтірді

Теміртауда жаяу жүргіншіні көлік қағып өлтірді


Теміртауда жолдың белгіленбеген бөлігінен өткен жаяу жүргіншіні көлік қағып, салдарынан ер адам оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz Telegram-арнасына сілтеме жасап.

"Оқиға кеше, 21 сәуір сағат 21:25 шамасында болған. Чернышевский көшесінің жаяу жүргіншілер өтуге болмайтын бөлігінен жолды қиып өткен жолаушыны көлік қағып кетті. Hyundai Creta маркалы автокөлікті 20 жастағы азамат жүргізген", - делінген хабарламада.

Жол апаты салдарынан 40 жастағы жаяу жүргінші оқиға орнында қайтыс болды.

Аталған дерек полицияда тіркелді және тиісті сараптамалар белгіленді. Сараптама қорытындысы бойынша нақты шешім қабылданады.