Теміртауда өткен Kia Basketball Fest фестиваліне 9,5 мыңнан астам адам қатысты

Теміртауда өткен Kia Basketball Fest фестиваліне 9,5 мыңнан астам адам қатысты

Qarmet Park аумағында ауқымды Kia Basketball Fest фестивалі өтті. Спорттық мереке Теміртау қаласының 9,5 мыңнан астам тұрғыны мен қонағын біріктірді. Іс-шараны Allur автомобиль компаниясының құрамына кіретін Kia бренді Qarmet-пен бірлесіп, Теміртау қаласының әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырды.

Фестивальдің басты оқиғасы – FIBA 3×3 стандарттарына сай салынған жаңа баскетбол алаңының ашылуы. Заманауи спорттық кеңістік Металлург күніне орай Теміртауға тарту етіліп, қалалық инфрақұрылымды дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау бағытындағы жұмыстың жалғасына айналды. Салтанатты түрде қызыл лента қиылғаннан кейін алаң ресми түрде пайдалануға берілді. 

«Ең алдымен баршаңызды қала үшін маңызды мереке – Металлург күнімен құттықтаймын! Осы мерекеге орай Қазақстандағы Kia брендінің ресми дистрибьюторы болып табылатын Allur компаниясы атынан сіздерге FIBA 3×3 стандарттарына сай келетін осы тамаша баскетбол алаңын сыйға тартқымыз келеді. Бұл алаң тек Теміртауда ғана емес, бүкіл елде жаңа чемпиондардың қалыптасуына жол ашады деп сенемін», – деді Қазақстандағы Kia дистрибуциясының директоры Данияр Уразбаев.

Жаңа алаңда үш санат бойынша 3×3 баскетбол турнирі өтті. Ойындар FIBA 3×3 ережелеріне сәйкес ұйымдастырылып, матчтарды ұлттық және халықаралық санаттағы төрешілер басқарды.

«Металлург күні қарсаңында алаңды дайындау жұмыстары жүргізілді, бүгін оның салтанатты ашылуы өтті. Бұл – Allur мен Qarmet серіктестігінің нақты көрінісі. Бүгін Qarmet Park баскетбол жанкүйерлері үшін жаңа тартылыс нүктесіне айналуда. Qarmet компаниясы басшылығының және өз атымнан барлық қатысушыларға тартысты ойын мен қызықты жарыс тілеймін», – деді Qarmet компаниясының күрделі құрылыс жөніндегі директоры Алексей Сидоренко.

Men PRO санатында Samal Dragon командасы жеңімпаз атанса, турнирдің ең құнды ойыншысы (MVP) болып Жәңгір Дүйсенов танылды. 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында «Джабджики» командасы бірінші орынды иеленіп, MVP атағы Еркебұлан Қанатқа берілді. Ал 18 жасқа дейінгі қыздар арасында «Қарағанды» командасы жеңіске жетіп, Алина Әмірханова үздік ойыншы атанды.

Фестивальдің ең жарқын сәттерінің бірі – қазақстандық музыка және медиа саласының танымал өкілдері қатысқан Media Basket шоу-матчы. Алаңға RaiM, SHIZA, LEGORUS, SHYNGYS, SIXO, KUSH, SOLAKAI, AITKALI, RUSLAN, KALI, MIRONOV, BAHA, ROBERT PAN, ALGA PETERBURG және NURMANBETOV MADIYAR шықты. Кездесуде RaiM командасы жеңіске жетті.