Freedom Inside '26

Таразда қыз алып қашқан үш азамат үш жылға сотталды

Таразда қыз алып қашқан үш азамат үш жылға сотталды
iStock

Таразда 19 жастағы бойжеткенді некеге тұруға мәжбүрлеу мақсатында алып қашқан үш азаматқа қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды ult.kz.

Оқиға өткен жылдың қазан айында болған. Тергеу мәліметінше, Алматы облысының үш тұрғыны Жамбыл облысының 19 жастағы тұрғынын күш қолданып алып кеткен.

Аталған дерек бойынша полиция ҚР Қылмыстық кодексінің 125-1-бабы 2-бөлігінің 1) және 4) тармақтары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған.

Тергеу барысында жәбірленушінің алып қашуды ұйымдастырған азаматпен бес жылдан астам уақыт бойы жақын қарым-қатынаста болғаны анықталды. Алайда бойжеткен бірнеше рет тұрмысқа шығудан бас тартқан. Соған қарамастан ер адам таныстарын тартып, қызды алып қашуды ұйымдастырған.

Күдіктілер алдын ала сөз байласып, күндізгі уақытта жәбірленушіні күш қолданып алып кеткен.

Сот отырысында айыпталушылардың кінәсі толық дәлелденді. Тараз қаласының №2 сотының үкімімен олар адамды некеге тұруға мәжбүрлеу мақсатында алып қашқаны үшін кінәлі деп танылды.

Қылмыстық кодекстің 63-бабы қолданылып, үш сотталушының әрқайсысына үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.