Танымал спортшылар ҚР Тұңғыш Президентіне ризашылықтарын білдіруде

Танымал спортшылар ҚР Тұңғыш Президентіне ризашылықтарын білдіруде

Еліміздің танымал спортшылары әлеуметтік желі арқылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына мәлімдемесіне орай пікірлерін білдіруде,  деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2016 жылы Рио-де-Жанейрода өткен жазғы Олимпиада ойындарының бокстан күміс жүлдегері Василий Левит: «Президент мырза, барлығы үшін де рахмет!», деп жазды.

Ал әлемнің 4 дүркін және Қазақстанның 4 дүркін рекордшысы Сергей Цирульников: «Президент мырза, барлығы үшін де Сізге ризашылығымды білдеремін», - деген жазба қалдырды. 

Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбаева: «Бұл өзгерістер оң болғай! Рахмет!», - деп атап өтеді.

Ал 2012 жылы Лондон жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы Александр Винокуров: «Тарихи күн. Рахмет, Президент мырза! Бейбітшілік, тұрақтылық пен өркендеу үшін! Еліміздің қалыптасуы үшін, біздің тарихымыз үшін жасаған істеріңіз үшін!», - деп ағынан жарылады.

2016 жылғы Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин: Бәріне де рахмет! Президент мырза!

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев республикалық телеарналар арқылы Қазақстан халқына арналған мәлімдеме жасап, онда Президенттік өкілеттігін тоқтататындығын жария еткен болатын.