Танымал актер Мақсат Ақановты қорғап шықты

Танымал актер Мақсат Ақановты қорғап шықты
Коллаж: ult.kz

Актер Алмат Сақатов айтыскер ақын Мақсат Ақановқа қатысты пікір білдіріп, оны орынсыз сынап, ауыр сөздер айтуға болмайтынын айтты, деп хабарлайды ult.kz.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында видео жариялап, ақынның бір қателігі үшін оны жаппай қаралаудың қажеті жоқ екенін жеткізді. Ол Мақсат Ақановты қолдап, ақынға еркіндік пен тентектік тән болуы керегін атап өтті.

«Ақынға тиіспеңдер! Ақын тентек болуы керек. Ақын бауырым бір сүрініп еді, жалынан алып жамбасына дейін жыртып жатырсыздар. Мақсат, сен сүріндім деп ойлама. Сен кімнің кім екенін осы күндері біліп алдың», – деді Алмат Сақатов.

Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желіде Мақсат Ақановтың айтыс барысында айтқан сөздері түсірілген бейнежазбалар тараған еді. Жазбалар көпшіліктің назарын аударып, ақынның сөзіне қатысты түрлі пікірлер айтылды.