Таиланд елге кіру ережелерін қатаңдатады

Таиланд елге кіру ережелерін қатаңдатады
ашық дереккөз

Таиландта шетелдік туристердің визасыз жүру мерзімі 60 күннен 30 күнге қысқарады, деп хабарлайды ult.kz.

Жаңа талап бойынша құрлықтағы өткізу бекеттері арқылы келетін туристер визасыз режимді күнтізбелік жыл ішінде екі реттен артық пайдалана алмайды. Бұл шектеу Бруней, Индонезия, Малайзия және Сингапур азаматтарына қолданылмайды.

Ал халықаралық әуе рейстерімен Таиландқа келетін туристер үшін визасыз кіру санына шектеу қойылмайды.

Сарапшылардың пікірінше, бұл өзгерістер туристердің жаппай ағынына әсер етпейді. Билік көші-қон бақылауын күшейтіп, шетел азаматтарының елде болу мерзіміне қойылған талаптарды айналып өтуіне жол бермеуді көздеп отыр. Қазақстан азаматтары үшін 30 күндік визасыз режим екі ел арасындағы жеке келісім негізінде қолданылады.