«Сыптай боп отыр»: Сұлтанның соты жалғасып жатыр

«Сыптай боп отыр»: Сұлтанның соты жалғасып жатыр
Коллаж: ult.kz

Атырау облысында бірнеше адамның өліміне байланысты резонансты қылмыстық іс бойынша басты күдікті ретінде Сұлтан Сәрсемәлиев танылған. Бүгін сот отырысы жалғасып жатыр, деп хабарлайды ult.kz.

Бүгін мал баққан және қараған адамдардан жауап алынады. Желі қолданушылары бұл жолы Сұлтанның бет-әлпеті мен киім-киісіне мән берді.

Көбі оны түрмеде отырған адамға ұқсатпай, сыптай боп жүргеніне таңданысын білдірді. 

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, ол өз әйелінің ата-анасы мен туыстарына қатысты ауыр қылмыс жасады деп айыпталып отыр. Іс материалдарында бірнеше адамның қаза табуына әкелген оқиға отбасы ішінде болған жанжалдан басталғаны айтылған.

Сот барысында айыпталушы кейбір эпизодтар бойынша кінәсін ішінара мойындаған, алайда бірқатар тармақтармен келіспейтінін білдірген. Мысалы, ол Наурыздың өлімі абайсызда болғанын айтқан.

Сараптама қорытындылары бойынша, күдікті қылмыс жасаған кезде өз әрекетіне жауап бере алатын жағдайда болғаны көрсетілген. Тергеу барысында бұл іске басқа тұлғалардың қатысы анықталмаған.