Freedom Inside '26

«Шын өмірде бәрі басқа»: Шавкат Рахмонов ұзақ үнсіздіктен кейін үн қатты

«Шын өмірде бәрі басқа»: Шавкат Рахмонов ұзақ үнсіздіктен кейін үн қатты
Фото: әлеуметтік желі

Қазақстандық UFC жауынгері Шавкат Рахмонов әлеуметтік желідегі парақшасында мотивациялық жазба жариялап, табысқа жетудің өз ұстанымымен бөлісті, деп хабарлайды ult.kz.

Спортшының айтуынша, шынайы өмірде жеңіске бәрінен жылдам жүгірген адам емес, өз жолынан жаңылмай, алға қарай табандылықпен қадам басқан жан жетеді.

«Шынайы өмірде жеңіске бәрінен жылдам жүгірген адам емес, өз жолында өзін жоғалтпай, алға ұзақ уақыт бойы табандылықпен қозғала алған адам жетеді», – деп жазды Шавкат Рахмонов.