Шымкентте салықтық міндеттемелерін орындаған инвестордың банк шоттары төрт ай бойы бұғаттауда болған. Заң бойынша шектеулер бір жұмыс күні ішінде алынуы тиіс еді, деп хабарлайды ult.kz.
Қала прокуратурасының мәліметінше, «White Fellow-Deer» ЖШС салықтық есептілігін тапсырып, міндеттемелерін орындағанымен, мемлекеттік кірістер органы банк шоттарындағы шектеулерді тек төрт айдан кейін алып тастаған.
Осы заңбұзушылыққа байланысты төрт салық қызметкері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың біріне 216 250 теңге айыппұл салынды.
Прокуратура инвесторлар мен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және олардың жұмысына заңсыз кедергі келтіру фактілерінің алдын алу шараларын жалғастыратынын мәлімдеді.
Әкімшілік кедергілерге тап болған инвесторлар +7 (707) 615-00-10 телефоны немесе 115 Call-орталығы арқылы хабарласа алады.