Шымкентте 350 адамға арналған үйлену тойы күтпеген жерден ерекше жағдайда өткен. Той иелерінің айтуынша, мерекеге жас жұбайлар аяқ астынан келе алмай қалған, деп хабарлайды ult.kz.
«Үйлену тойы, бірақ үйленіп жатқан жастарсыз тойды басқардық. Той күні аяқ астынан осындай жағдай болып, жастар тойға келе алмады», – деп жазды тойды жүргізген асаба.
Соған қарамастан, қонақтарға арналған мерекелік шара өз жалғасын тапқан.
Жас-жұбайлар ауруханадан қонақтарға сәлем жолдады. Олар сол жақтан бір-біріне неке сақинасын кигізіп, тойдың жақсы өтуін тіледі.