«Шығын - 10 млн теңге»: Әділетхан Молдаханның жары «сбор» ашпақшы

«Шығын - 10 млн теңге»: Әділетхан Молдаханның жары «сбор» ашпақшы
Фото: Instagram/ mussabekovaa__

Кеше ғана сот алдында кінәсін мойындаған Әділетхан Молдаханның жары мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ult.kz.

Ол жәбірленушінің моральдық шығынын өтеу қиынға соғатынын айтты.

«Бұл жерде тек 1 жәбірленуші сұрап тұр, тағы 2 жәбірленуші бар. Маған көп адамдар жазып жатыр, сбор ашыңыз деп. Менде басқа амал болмайтын сияқты. Менің жолдасым бүгін, ертең шығайын деп жатқан жоқ», - деп жазды Бақыт Мұсабекова. 

Айта кетейік, Алмалы аудандық сотында «көрінеу жалған ақпарат таратты» деп айыпталған заңгер әрі блогер Әділетхан Молдаханға қатысты сот басталды. Ол өзіне тағылған айыппен толық келісті. 

Іс бойынша жәбірленушілер – Алматы қалалық полициясы басшысының бұрынғы орынбасары Ержан Ұзабаев пен әкімшілік полиция басшысы Серік Шұмаев. Ұзабаевтың адвокаты айыпталушыдан 10 млн теңге моральдық және 1 млн теңге сот шығынын өндіруді талап етіп отыр.