Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

“Сүрініп кетіп, бүлініп жүрген”: Мұхтар Ниязов мәлімдеме жасады

“Сүрініп кетіп, бүлініп жүрген”: Мұхтар Ниязов мәлімдеме жасады
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Айтыскер ақын Мұхтар Ниязов жазасын өтеп жатқан азаматтармен кездесіп, алған әсерін әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды ult.kz.

Ақын темір тордың ар жағындағы адамдарды біржақты бағалаудан аулақ болуға шақырды. Ол қателескен жанның түзеліп, өмірін қайта бастауына мүмкіндік беру қажет екенін айтты.

“Бостандықта жүрген адамның бәрі әулие болмағаны сияқты темір тордың арғы жағында да тек жаман адамдар отырған жоқ. Мұқағали айтпақшы “сүрініп кетіп, бүлініп жүрген тағдырлар”. Қабірден басқа жердің бәрінен шығатын жол бар ғой, әр атқан таңмен бірге жаңа өмір басталады”, – деп жазды Ниязов.

Кездесу кезінде ақын жиналғандардың көбі толқып, көзіне жас алғанын байқаған. Жазасын өтеушілер мұндай рухани жүздесулерді жиірек ұйымдастыруды сұрапты.

Айта кетейік, Қайрат Нұртас бейтаныс қызбен көзге түсті. 

Мұхтар Ниязов кім? 
 

Мұхтар Ниязов — белгілі айтыскер ақын, республикалық және халықаралық айтыстардың жеңімпазы. Толық аты-жөні — Мұхтар Мәуленұлы Ниязов. 1985 жылы 4 қарашада Қызылорда облысының Жалағаш ауданында дүниеге келген. Алғаш жазба поэзияға ден қойып, кейін оқушылар айтысына қатысу арқылы суырыпсалма өнерге қадам басқан.

Ол — “Алтын домбыра” айтысының үш дүркін жеңімпазы. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде білім алып, кейін Еуразия ұлттық университетінде магистратураны тәмамдаған.

Айтыспен қатар мәдениет саласында еңбек етіп, телеарнада редактор, мәдениет мекемелерінде басшылық қызметтер атқарған.