Сұлтан Сәрсемәлиевтің сотында бірқатар шикілік анықталды

Сұлтан Сәрсемәлиевтің сотында бірқатар шикілік анықталды
Коллаж: ult.kz

Журналист Жанат Молдашова Атыраудағы трагедияға қатысты өтіп жатқан сот отырысынан олқылық тапты, деп хабарлайды ult.kz.

Оның айтуынша, айыптау акті түгелдей Сұлтан Сәрсемәлиевтің жауабымен жазылып шыққан. Журналист сотқа дейінгі тергеп-тексеретін уәкілетті органдарға шүйлікті. «Олардың тапқан дәлелдемелері мен айғақтары қайда?» деді Жанат Молдашова. 

«Айыптау актісінде сотталушы басынан аяғына дейін марқұмдарды айыптаған. Қылмысқа сол үшін барғанын айтқан. Отбасына араласып, соның салдарынан қылмыс жасаған. Осыдан кейін қоғамда түрлі пікір қалыптасты. Тергеу ісі аса ауыр қылмысты тергеп-тексеру нәтижесінде соңын отбасы жанжалы, содан туындаған  ашу-ызаға әкеліп тірегендей болып тұр.

Сұрақ өте көп. Өкінішке орай, сотқа дейінгі тергеу ісі қысқа қайырыпты», - деп жазды журналист.